1. Главная
  2. Marhaba Sabi
  3. Qoi, kursinbe

Marhaba Sabi

Qoi, kursinbe

Marhaba Sabi - Qoi, kursinbe

Шын махаббат таба алмай жүргендерге
Мұң арқалап шаға алмай жүргендерге
Айналаға жаға алмай жүргендерге
Оңалмай жүргендерге

Амал таппай қиналып жүргендерге
Бір орында айналып жүргендерге
Не істеймін деп ойланып жүргендерге
Айтарым тек

Қой, күрсінбе
Қойшы бәрі құрсын де
Ең бастысы басым аман болсын де
"Миым" аман болсын де
Үйім аман болсын де
Қой, күрсінбе
Қойшы бәрі құрсын де
Ең бастысы басым аман болсын де
Сенім аман болсын де
Елім аман болсын де!

Бұл әлемді ұға алмай жүргендерге
Бауыр жазып шаба алмай жүргендерге
Тығырыққа шынымен тірелгендерге

Арманына жете алмай жүргендерге
Жоғарыға өте алмай жүргендерге
Ойлағанын ете алмай жүргендерге

Просмотры: 212
Добавлена: 14 января 2021